Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 27 мамыр күні «Түлектер күнін» тойлады. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Биылғы жылы түлектер алғаш рет «Мәңгілік ел» студенттер мен түлектер қақпасының алдында жиналып, Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби ескерткішіне және академик Өмірбек Жолдасбеков монументіне гүл шоқтарын қойды. Түлектер мен қонақтар жасыл технологиялар Орталығын аралап, ҚазҰУ-дың ғалымдары мен студенттерінің инновациялық жобаларымен танысты.

Мамыр айының соңғы сенбісі дәстүрлі түрде «Түлектер күніне» айналған. Бұл күнде қара шаңырақты 10, 20, 30, тіпті 40 жыл бұрын бітіріп кеткендер жиналып, әл-Фараби ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қояды. Бұл күн артынша мерекелік концертке ұласады.

Айта кетейік, биыл ҚазҰУ-ды 2000-нан аса түлек бітіргелі отыр.

Пікір қосу