Естеріңізде болса, 15 мамыр күні әнші Қарақат Әбілдина көптен күткен қызын дүниеге әкелген болатын. Ал 17 мамырда оны перзентханадан 100-ден астам адам сән-салтанатпен шығарып алды. Сол кездері оқырмандарына есім қою жағын ойластырмағандарын жеткізген еді.
Кеше Қарақат өзінің жеке инстаграм парақшасына жұбайы Қыдырәлі мен ұлының видеосын жариялады. Құралай Жақсылықоваға берген жауабында Қарақат «қызының есімін әкесі Аяла» деп қойғанын жазған.