Биыл еліміз үшін айтулы жыл – XX ғасырдың бас кезінде барша қазақ халқының бақыты үшін атойлап атқа мінген «Алаш»  партиясының, «Алаш Орда» үкіметінің 100 жылдығы. Осыған орай 20 мамыр күні Алматы облысы, Талдықорған қаласында Аламан-бәйге өтті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Аламан бәйгенің шымылдығын грек-рим күресінің палуаны, Халықаралық спорт шебері, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ашып, қатысушыларға батасын берді:

Еліміз аман болсын! Алаш партиясын құрған, елім деп еңіреп еңбек еткен бабаларымыздың әруағы әрдайым бізді қолдап жүрсін! Осында Ермахан екеуміз – Олимпиада чемпионымыз. Мына жеткіншектер біз сияқты әлемнің чемпиондары болсын!

Сөз кезегін ары қарай жалғаған боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибраимов:

Бүгінгі жарыс – ол – сөзсіз қазақ рухының осы күнгі келбетін айқындаушы. Қатысушылардың барлығына, ұлдарымызға тек қана жеңіс тілеп, денсаулық тілеп, алдағы барлық үлкен додаларда алтын алуларына тілектеспін.

Бәйгенің бірінші кезеңінде, «Зымыран» тұлпарымен бірінші болып келген – Жамбыл ауданынан келген 25-нөмірлі шабандоз  Әміржанов Бауыржан. Екінші болып келген – Ақсу ауданы, Арасан елдімекенінен келген екінші нөмірлі шабандждоз, Сейсенбаев Диас. «Бақторы» тұлпарымен, Егінсу елдімекенінен 24-нөмірдегі шабандоз Баяхметов Құмарғали бәйгеде үшінші болып келді. Осы кезеңінен кейін қазақ сахнасындағы жарық жұлдыздар өнер көрсетті.

«Алашұлы» тобы
«Буынсыз адам» ретінде әлемдік Гиннес рекордтар кітабына енген иллюзионист – Айдос Тоқтарбай

 

Бәйгеге үлкен сыйлықтар мен арнайы кубок әзірленген.

 Демеушілер үшінші орынға тана, екінші орынға тай, бірінші орынға түйе атады.

Құнан бәйгеде «Бақторы» тұлпарымен, Егінсу елдімекенінен 24-нөмірдегі шабандоз Баяхметов Құмарғали бәйгеде үшінші орынды иемденді. Екінші орынды иемденген – Ақсу ауданының шабандозы Сейсебаев Диас. Алдына қара салмай шапқан жүйрік шабандоз Әміржанов Бауыржан бірінші орын иеленді.

Аламан бәйгеде тұлпары үшінші келген – Сарқан ауданынан Кеңес Әділ, екінші орынға ие болған – Ескелді ауданынан Темірғалиев Айдар және бәрінен оза шапқан бірінші орынға ие болған – Талдықорған қаласынан Садуақасов Ербол.

Жеңістеріңіз құтты бослын, шабандоздар! Самғай беріңіздер!

Суреттерді түсіріп алған  Айдын Нұршанов

Juldyz.kz

 

 

Пікір қосу