«Феникс» фильміне бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылған Тұңғышбай Жаманқұлов жайлы қазір БАҚ құралдарында «Жаманқұлов ісі» деген сөздер жиі жарияланады. Оның туған-туысы мен әріптестерінен бөлек, өнердегі шәкірттері мен бауырлары да қолдау мақсатында әлеуметтік желіде белсенділік танытып, өз ойларын ашық ортаға салып жатыр. Соның бірі әнші Бағлан Әбдрайымов. Juldyz.kz әншінің пікірін назарларыңызға ұсынады.

Бағлан Әбдрайымов, әнші:

Я, Алла! Ақты – ақ, қараны – қара, деп ажыратып берші!
Адамдар неге пенде екенін ұмытып, түзу бола қалады? Кім қателеспей жатыр? Кім «жемей» жатыр? Өмір бойы өнерге шын қызмет етіп, жетпіске таяғанда 69 млн тағдырын талқан етпекші ме? Жазғыштарым-ай, жазыңдар енді… Біреудің купальнигі мен табысын санап, бірінің байын, бірінің қатынын санап, белден төмен өсек жазып… Шынын жазыңдар! Ел ағасы жайлы жазыңдар, ақиқат іздеңдер, сенсация жасаңдар! Ашығын xалық білсін! Расында кінәлі болса, 69 млн доллар емес, теңге ғой. Өнерді бағалайтын қалталы азаматтар болса, көбірек шығарсын, қалғаны шамасына қарасын. Расында қарыз болса, алсын. Теріс болса, Қияметте есеп қыларсыздар. Елдігің қайда, бірлігің қайда? Ағаның шәкірттері қайдасыздар? Ес білер жауапты біреуіңіз қолға алыңыз. Есепшот ашыңыз! Қарап қалмаңыздар! Тақырып түсінікті болу ушін «Ақ жүніс» журналын немесе интерненттен тауып оқыңыздар.  Елбасымен Әділ сотқа ғана үмітті аға! Сот әділетсіз болса ше? Ақталуына ат салысып, 70 жылдық тойын атап өтейік! Алла сол күнді нәсіп етсін!

Тұңғышбай Жаманқұлов:

Мен халқымның алдында шындық үшін көзімді тасаламай, тура қарайтын жағдайдамын, Аллаға шүкір! Мені осындай етіп тапқан анама да шүкіршілік етемін. Халқымның бетіне тура қарай аламын. Көзімді тасаламаймын, кірпігімді де түсірмеймін! Мен ақпын… халқымның алдында, өнерімнің алдында, ұлтымның алдында, заңның алдында. Заманым мен кезеңімнің алдында да ақпын!

Еске сала кетейік, 2014 жылы қазақстандық режиссер Талгад Жәнібеков ғылыми-фантастикалық триллердің сценариін ұсынған. Сол уақытта картинаның продюсерлігін Тұңғышбай Жаманқұлов алған. Осыдан редакция алқасы жобаның дайындық алды кезеңін бекітіп, мәдениет министрлігінің тапсырысымен 79 миллион теңге бөлінген.

Пікір қосу