Алғаш рет қазақ эстрадасына «X-фактор», «Қазақстан дауысы» жобаларынан кейін қадам басқан Санда осы уақытқа дейін продюсер Ерік Тастембековпен жұмыс істеп келген. НТК «Ревью» жаңалықтар қызметі әншінің фотосессия жасатып жатқан жерінен жедел сұхбат алған. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Әнші сұхбат барысында «Бұл – фотосессия, ендігі фотосессия тойымың алдында өтеді деп ойлаймын. Келін атануға іштей дайынмын. Бәлкім биыл немесе келесі жылы тұрмысқа шығатын шығармын. Бәрін бір Алла біледі» деген.

Санда:

Мен қазір демалып жатырмын. Өйткені, келісімшартпен үш жыл жұмыс  істеп шықтық. Бір «инцидент» болды. Оны айтқым келмейді. Сол үшін келісімшартты бұзуға тура келді. Мен еркіндікті таңдадым. Егер маңдайыма көтерілу жазса, көтерілемін, ешкім кедергі болмайды. Бірақ ендігі қазақстандық продюсерлермен жұмыс істеймін деп ойламаймын.

Пікір қосу