Ерке Есмахан продюсері Баян Есентаевамен бірге жұмыс істеуді тоқтатты.  Бұл туралы әнші “Гәкку” арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.

Ерке Есмахан алғаш рет продюсерінің көмегінсіз бейнебаян түсірген. Ол Баян Мақсатқызы екеуінің арасында ешқандай келіспеушілік болмағанын мәлімдеді.

«Бұл жерде кетіп қалған жоқпыз. Арамыздағы жұмыс тоқтатылды. Қанша жыл бірге жұмыс жасадық. Қаншама асулардан, белестерден өттік, қиыншылық та, қуаныш та болды. Енді жеке жұмыс жасап жатқан жайым бар.БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ «ЖАҚСЫ» ДЕП МАҒАН ТІЛЕГІН ТІЛЕП ЖІБЕРДІ», – деді ол.

Продюсерден бөлініп шыққан әнші жуырда жаңа бейнебаянымен қуантпақ. Бірақ түсірілім жұмыстары аяқталып қойғанымен, Ерке әннің атын қоя алмай жүр екен.

«Сен жоқсың» деп, әлде «Жоқсың» деп аталады. Оны әлі ойланып жүрмін. Соншалықты қиын болған жоқ. Бірақ кей кездері ақылдасып, ойласып жасайтын кездерде продюсер жеткіліксіз болды» – дейді Ерке.

Дереккөз: stan.kz

Пікір қосу