Қырғызстанның барлық кинотеатрынан 25 мамыр күні Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі көрсетіледі. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Қазақстан драмасы қырғыз көрермендеріне алғашқы рет ұсынылмақ. Бұдан бұрын картина Якутия тұрғындары мен Санкт-Петербург пен Омск қалаларында көрсетілді.

Туынды 80-жылдары Алматыда болған оқиғаны баяндайды. Басты кейіпкер жоғары сынып оқушысы Арсен жаңа мектепке ауысып, осы жерден жаңа достар тауып, өз махаббатын кезіктіреді. Бірақ, барлығы оңай болмайды: сол мектеп пен ауданның өзіндік ережелері мен қалыптасқан заңдары бар, ал заңды бұзғандарды қатаң жаза күтіп тұрады. «Балалардың» ортасында өзіндік орнын табу үшін Арсенге өзінің көптеген қағидаларынан бас тартуға тура келеді. Алайда, бұрыс таңдау үлкен қателікке айналуы мүмкін.

Пікір қосу