Мұнай бағасы қайтадан 50 доллардан асты. Бұл туралы Juldyz.kz хабарлайды.

Астана уақыты бойынша сағат 9.15-те Brent маркалы мұнайдың бағасы 3,3 пайызға өсіп, баррелі үшін 50,4 долларға жетті. Ал WTI маркалы мұнайдың бағасы шамамен 0,5 пайызға өсіп, баррелі үшін 47,54 доллар болды. Сондай-ақ, мұнай нарығының жандануына DOE ұйымының АҚШ-тағы мұнай мен мұнай өнімдері туралы апта сайынғы есебінің жариялануы себеп болғаны айтылады.

Пікір қосу