Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Майқұдықтағы 14-шағын ауданда балаларға арналған спорт алаңын салып бермекші. Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап juldyz.kz хабарлайды.

Кеше Геннадий Головкин Майқұдықта жаңадан салынған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысқан. Спорт кешеніне GGG-дің аты берілді. Ал Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен болған кездесу кезінде аймақ басшысы қоғамдық сананы жаңғырту, соның ішінде «Туған жер» бағдарламасы туралы айтып берді. Сондай-ақ былай дейді:

«Президент барлық бизнесмендерді туған жерге көңіл бөліп, қолдан келгенше көмек беруге үндеген болатын. Біреулер мектеп сала алады, енді біреулер өз ауласын абаттандыра алады. Кәсіпкерлердің көбісі осы бастаманы қолдады».

Өз сөзінде Геннадий Головкин аталған бастамадан тыс қалмайтынын жеткізді:

«Мен аталған бағдарламаға қуана-қуана қосыламын. Мен өзім туып өскен аулада балаларға арналған спорт алаңын қойып берсем, дұрыс деп ойламын. Президенттің бастамасын толығымен қолдаймын».

Жаңа спорт алаңы Майқұдықтың 14-ші шағын ауданында ашу жоспарланып отыр.

Дереккөз ҚазАқпарат

Пікір қосу