Өзін «Кунг фу Панда» кейіпкерлерінің авторымын деп таныстырған Джейм Гордонды 2 жылға бас бостандығынан айырып, 3 миллион долларға жуық өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

2011 жылы 51 жастағы Гордон авторлық құқықтың бұзылғаны жайлы хабарлап, DreamWorks кинокомпаниясын кейіпкерлер мен оқиға тарихын ұрлады деп арыз жазған және артынша 12 миллион көлемінде компаниядан төлем сұраған. DreamWorks бірден оны сот жолымен, заңмен реттеуге бел буған және бұған компанияның 3 миллион доллары кеткен.

Мультипликатор бұрындары кейіпкерлер суретін салған және пандалар тарихын жазған. Прокурорлар оның жұмыстарының «Кунг-фу Панда» мультфилміне ұқсамайды деп тапқан. Оның үстіне трейлер көрермендерге жол тартқаннан кейін Гордонның жұмыстарына өңдеу жасап, уақытын өзгерткендігі айтылады және  алаяқтық әрекеттерді жасады деген айып тағылды.

Пікір қосу