Қазақстандық бес боксшы Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінің ширек финалына шықты, — деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы juldyz.kz жазады.

Бірінші жекпе-жекте Қазақстан 56 келіге дейінгі салмақтағы боксшымыз Қайрат Ералиев (филиппин Марио Баутистамен жұдырықтасып, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Әлем біріншілігінің қола жүлдегері келесіде Асрор Вохидов (Тәжікстан) пен Риомей Танаканың (Жапония) жеңгенімен кездеседі. 49 келідегі Ержан Жомарт алғашқы кезеңде тайпейлік Хон-Да Линмен жұдырықтасып, 3:0 есебімен басым түсті. 1/4 финалда оның қарсыласы Олимпиада чемпионы өзбек Хасанбой Дусматов. Х. Дусматов өзбек құрамасының негізгі үміт артып отырған спортшысы.
Әлем чемпионы Ж. Әлімханұлының салмағында сынға түскен Аманқұл Әбілхан да жеңіске жетті. 19 жастағы қазақ боксшысы қытай Юн Хан Венді нокдаунға түсіріп, 3:0 есебімен жеңді. Өзбекстанға барған боксшылар ішіндлегі ең даңқты спортшымыз В. Левит. Жоғарғы рейтингіне байланысты бірінші жекпе-жектен босатылған. Ол бірден ширек финалға шығып отыр.
30 сәуір күні басталып 7 мамырда аяқталатын сары құрлықтың біріншілігіне біздің елден тоғыз боксшы атанған болатын.
49 кг- Ержан Жомарт
52 кг — Азамат Исақұлов
56 кг — Қайрат Ералиев
60 кг — Әділет Құрметов
69 кг — Абылайхан Жүсіпов
75 кг — Әбілхан Аманқұл
81 кг — Ерік Әлжанов
91 кг- Василий Левит
+ 91 кг — Қамшыбек Қонкабаев

Пікір қосу