Отандық актер Санжар Мәдиев ресейлік режиссер Вера Глаголеваның «Глиняная яма» фильміне түсуде. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Қазіргі уақытта картина түсірілімі басталып, Ресейде, Туль облысында өтіп жатыр. Осы жөнінде актер өзінің  Инстаграмм парақшасында жариялады.

«Глиняная яма» фильмі осы аттас театралды пьесаны негізге ала отырып, ұлтаралық қатынастар және махаббат пен отбасы туралы баяндайды. Әлеуметтік драманың бас кейіпкерлері – ауыл тектес қалашықтың тұрғындары, әпкелі-сіңлілі Галя мен Милка. Галя күйеуі қайтыс болған соң, Орта Азиядан шыққан Рустамды кезіктіреді де, сол жігітпен некелесуді ойлайды.  Алайда, қыздың анасы отбасыларына жаңа адамның келуін құптамайды. Осы тұста оқиға одан әрі өршелене түседі, өйткені шетелдікке Милка да ғашық бола бастайды.

Айта кетейік, режиссер әйелдер сомдайтын басты рөлге актерларды жылдам тапқан. Ал Рустамның рөліне лайықты адамды ұзақ қарастырыпты. Актерді алғашында Ресейден, кейінен Қазақстаннан іздеген. Нәтижесінде, олардың таңдауы Санжар Мәдиге түскен.

Пікір қосу