Режиссер Асқар Ұзабаевтың «Жол: путь боксера»  деген фильмі Мәскеуде өткен халықаралық «Красногорский» кинофестивалінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Спорттық киноға арналған бұл сайыс ТМД мен Шығыс Еуропадағы ең ірі байқаулардың бірі саналады.

Отандасымыз Асқар Ұзабаевтың туындысы  «Ең үздік сюжет» номинациясы бойынша қазылардың жоғары бағасын алды. Осы туралы ол өзінің Инстаграмм парақшасында жазды.

Айта кетейік, «Красногорский» кинофестиваліне 15 мемлекеттен 100-ге жуық фильм қатысқан.

Пікір қосу