Петропавлда «Жанат Жақиянов — артқа қадам жоқ» атты деректі фильмі түсірілуде. Картина қазақстандық боксшының чемпиондық атаққа дейінгі ұзақ жолы туралы баяндалады. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Профи Бокс Қазақстан» тобында жазылған, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.
Аталмыш жоба жетекшісі — Алексей Мишаченко.
Жанат Жақиянов — аса жеңіл салмақта (53,5 келі) өнер көрсететін кәсіпқой боксшы. Солтүстік Қазақстан облысында туған. Петропавлда отбасы тұрады — анасы, әйелі мен екі кішкентай баласы (9 айлық ұлы Ердос пен 2 жастағы қызы Нұрай).
Боксшының өзі негізінен Ұлыбританияда тұрады және IBF, WBO, IBO тұжырымдары бойынша бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Рикки Хаттонның жетекшілігімен сол елде жаттығады.
Айта кетейік, 11 ақпан күні Американың Толедо қаласында аса жеңіл салмақ дәрежесінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен арасында WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағы үшін айқас өтті. Төрешілердің шешімімен 12 раундтық жекпе-жек Жақияновтың жеңісімен аяқталды.