Жақында әнші Баян Нұрмышева жеке үнтаспасын жарыққа шығарады. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

Жұлдызды жұп шығармашылықтағы жаңалықтары жөнінде «Таңшолпан» бағдарламасында айтып берді.

«Шығармашылық жайлы айтар болсам, жақында Баянның жеке үнтаспалары жарыққа шығады. Оның бірінде халық әндері және гитараның сүйемелдеуімен орындалған халық композиторларының әндері болса, екіншісі эстрадалық бағытта болады. Үшінші үнтаспа Баян екеуіміздің дуэт әндерімізден құралған жинақ», — дейді Ерлан Орынбасар.

Пікір қосу