«Челси» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Англия кубогының финалында ойнағысы келеді. Бұл туралы juldyz.kz порталы хабарлайды.

«Құрметті «Финикс», мен екі күнге «Челсиге» жалға барғым келеді. 26, 27 мамыр күндеріне. Англия кубігінің финалында «Арсеналға» қарсы ойнау үшін. Ант етем мен қайтым келем», — деп жазды африкалық шабуылшы өз твиттерінде.

Лондандық «Челси» клубы құрамында Дидье Дрогба біршама жетістіктерге жеткен футболшы. Атап айтсақ, Премьер-лига жеңімпазы — 2004/05, 2005/06, 2009/10, 2014/15 Англия кубогының иегері — 2007,2009,2010, 2012 Англия суперкубогының иегері — 2005, 2009 Чемпиондар лигасының жеңімпазы — 2012.

Айта кетейік, қазір 39 жастағы шабуылшы АҚШ-тың «Финикс Райсинг» футбол клубында ойнайды.

Пікір қосу