Алматыда тұңғыш рет қазақтың бард-әншісі Табылды Досымовтың әндерінің желісі бойынша «МАХАББАТ АЛЛЕЯСЫ» атты (мюзикл) сахналық қойылым болады.
Қойылым барысында Табылды Досымовтың 14-тен астам әндері жанды дауыста орындалады. Сондай-ақ әртүрлі тағдырлардың бастан кешкен махаббат хикаялары баяндалады.
Спектакльді қоюшы «Aлматы-Music» театры. Театр жетекшісі, режиссері ҚР өнер қайраткері, режиссер, актер Т.Омаров.
Музыкалық жетекші – А.Айдарұлы.
Өтетін күні: 21 сәуір 19.00-де Қазақконцерт залында (Абылай хан, 83. Әйтеке би к-сі қиылысы).
Билет бағасы 500-2500 тг. аралығы.
Спектакльге 7 жастан төмен балалар кіргізілмейді.
Байланыс телефондары: +7 775 060 50 40.