Ділда Матайқызы Тасмағамбет келіні 1929 жылы 15 қаңтарда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген. Ол ел анасы атанған елеулі жандардың бірі, халық қадірлісі.

Картинки по запросу ділда матайқызы

Балалық шағы

«Есімімді әкем қойыпты. Әкем қамауда болғанда, біз анам екеуміз Магнитогорск маңындағы Қызылқазақ деген ауылда тұрдық. Анам түрменің қосалқы шаруашылығында сауыншы болып жұмыс істейді. Мені тәулік бойы болатын бес күндік балабақшаға берген. Үйге тек демалыс күндері алады. Мектепке де осы жақтан бардым.
Орыстар Ділдә дегенге тілдері келмей, мені Дуся дейтін. Сөйтіп, олардың тілімен Евдокия Матвеевна Куканова болдым. Әйтпесе Ділдә Матайқызы Қоқановамын ғой» (Ділда Матайқызының сұхбатынан)

Әкесі Матай – жеті жыл Бұқарада үлкен хазіреттерден жоғары діни білім алған сауатты адам. Кейін молдалығы үшін «халық жауы» атанып, Магнитогорскідегі түрмеден бір-ақ шығады. Ал анасы Қалбибі – әкесін жазықсыз қамағанда, соңынан Сібірге дейін барған қайсар әйел.

Картинки по запросу ділдә матайқызы

«Әке-шешемнің жеті перзенті шетінеп кеткен. Тірі қалғаны мен. Осы екі асылым, қайран әке-шешеме перзент болып қандай қызық көрсеттім деп бүгінде толғанамын. Өзін соттаған кезде, әкемнің мешітін бульдозермен сырып тастаған екен. Қолымнан бар келгені – әкемнің рухына арнап бұрынғы орнынан Шалқарда мешіт тұрғыздым»(Ділда Матайқызының сұхбатынан)

Еңбек жолы

Ділда Матайқызы институтты 1949 жылы акушер-гинеколог мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын Термез қаласындағы госпитальда хирургтің көмекшісі болып бастаған. Термез сол уақытта әскери қалашық болады.

Жолдасы Нұрғалимен қалай танысқан?

«құрбымның қолқалауымен екеуміз қалашықтағы саябаққа бардық. Мұнда жастар үшін би ұйымдастырылады. Үнемі жұптары жазылмай бірге жүретін төрт қазақ жігітін бұдан бұрын да танитынбыз. Олармен жақсы араласпасақ та, көргенде сәлеміміз түзу еді. Бірақ осы төрт жігіттің ішінен маған Нұрғали ұнайтын.
Бір күні госпитальға Нұрғали келіп: «Екеумізді штабқа шақырып жатыр», – деді. Себебін сұрап едім, білмейтінін айтты. Штабқа барсақ, генерал күтіп отыр екен. Бір кезде кабинетке қолтығында папкасы бар бір орыс қыз кіріп келді. «Екеуінің некесін тіркеңіз!» – деді генерал оған. Мен жылап жібердім. Тасболат пен Әбілхайыр куәгер болып қол қойды. Сөйтіп, АХАЖ бөлімінің қызметкері Нұрғали екеуміздің некемізді әскери штабта тіркеді. Кейін білдім ғой, жігіттер жағдайды әскери комиссарға айтқан. Ол кісі Түркістанға хат жолдаған. Жауап келген соң, Нұрғалиды әскери қызметтен босатқан. Сөйтіп, некеміз қиылған соң Нұрғали екеуміз атамекенге, Қазақстанға жол тарттық. Нұрғали үйленгенін, мен тұрмысқа шыққанымды айтып, жол-жөнекей өз әке-шешелерімізге жеделхат жолдадық. Гурьевке жеті тәулік дегенде жетіп, Нұрғалидың нағашысының үйіне тоқтадық. Ол кісі алты күн өткенде Новобогатқа баратын көлік тауып, бізді мінгізіп жіберді. Наурыз айы болса да, қардың қалыңдығы – төрт метр. Қыс қатты болған ғой.  Кештетіп Нұрғалидың үйіне де келдік. Үйге кіргеніміз сол еді, бізге қарай бірдеңені лақтырып жатыр, лақтырып жатыр. Біреуі басыма келіп тарс ете қалды. «Бұлар менің келін болғанымды жақтырмай, тас лақтырып жатыр ма?» деп іштей егіліп тұрмын. Сөйтсем, бұл шашу екен ғой»

Отбасы

Үлкен қызы Нұрсұлу Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарады. Ғалияның мамандығы – есепші, жақында зейнетке шықты. Иманғали — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. Құрманғали – Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы. Рысты мұнай-газ саласында қызмет етеді.

Кітаптары

Картинки по запросу айналайындарым менің

«Тәрбие туралы толғаныс», «Айналайындарым менің», «Ана туралы жыр», «Ұрпаққа ұлағат», «Ұрпағым, саған айтам» деген кітаптарының бәрін де бүгінгі буынның қазақи тәрбиесіне арналған.

Пікір қосу