Ринат

Айтыскер ақын Ринат Зайытовтың айтуынша, қазақ телеарналары жалған ақпарат таратуда алдына жан салмайды. Бұл туралы «Жұлдыз ТВ» арнасы хабарлады, — деп жазады juldyz.kz порталы.

«Егер телевидениеде бірдеңеге пікір айту менің құзырымда болса, шамам келетін болса, бүкіл теларналардың 90 пайыз бағдарламаларын жауып тастар едім. Бәрі ұнамайды маған. Жаңалықтардан бастап шалалықтарға дейін бәрі ұнамайды маған. Өйткені бәрі өтірік», – дейді айтыскер ақын.

Өтірікке жаны қас ақын шындықты айту үшін міндетті түрде ел алдына шығып, «төңкеріс» жасау міндетті емес деп есептейді.

«Шындықты айтпасаң айтпай-ақ қой, өтірік айтпау керек қой. Не нәрсе қалай болды, соны солай көрсетуге болады», – деп сөзін түйіндеді.

 

Пікір қосу