Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (32-2, 29 КО) Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) екінші жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме бере отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.

Олардың бірінші кездесуі 18 наурыз күні, Нью-Йорктегі Madison Square Garden спорт кешенінде өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Головкин жеңген болатын. Бірақ Джейкобс өзінің жеңісіне сенімді болғанын айтты.

“Мен тез арада Головкинмен екінші жекпе-жек өткізгім келеді. Бірақ мен шамалы күту керек екенін білемін. Өйткені, алдағы уақытта Головкиннің жоспарлары бар. Ал менің жанкүйерлерім маған қарсылас ретінде кімді көргісі келеді?”, – деп жазды боксшы өзінің твиттер парақшасында.

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс командалары арасындағы жасалған келісімшартта екінші жекпе-жек деген мәселе қарастырылмаған. Дегенмен жекпе-жектен кейін Головкин америкалық боксшымен реванш өткізуге дайын екенін айтқан еді.

Пікір қосу