ҚР Жоғарғы соты Бақытбек Есентаевқа шыққан үкімді қайта қараудан бас тартты, — деп Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып juldyz.kz порталы хабарлайды.
3 қарашада белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйлеген болатын. Осыдан кейін сот үкімін шығарды. Сотталушы «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітов: «Біз апелляциялық шағым түсірмекшіміз, үкім негізсіз деп есептейміз (…) Ол дене жарақатын салды, адам өлтіруге оқталған жоқ, біз осыны дәлелдейміз», — деген еді.
Алайда, ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіндегілер:
«29 наурызда ҚР Жоғарғы сотының кассациялық алқасы Бақытбек Есентаевқа шыққан үкімді қайта қараудан бас тартты», — деп хабарлады.