Азамат Сатыбалды жеке театрын ашты. Бұл туралы «Жұлдыз ТВ» арнасы хабарлайды.

Актердің жеке театрының атауы «28 театр» деп аталады. Қазір Азамат Сатыбалды және оның командасы М.Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшы!» атты алғашқы қойылымына қызу дайындық үстінде.

Спектакль желісі бойынша отасқандарына 20 жыл толған ерлі-зайыптылардың мерекелік кешіне бейтаныс әйел келіп, күйеуіне ортақтасып жүргенін мәлімдейді. Әрі 20 мың АҚШ долларына күйеуін сатып алғысы келетінін айтады.

Актердің айтуынша, қойылым жаңа командамен мамыр айында көрерменге көрсетіледі.

Пікір қосу