Гүлнар Дусматова 1964 жылы 5 қарашада дүниеге келді. Ол актриса, тележүргізуші.

Бала Гүлнар

Бала Гүлнар кішкене кезінен актриса болуды армандаған. Ол орыс мектебін алтын медальмен бітірген. Гүлнар Дусматова киноға 12 жасынан бастап түсті. Ол 1989 жылы Киров атындағы Қазақ университетінің филология факультетін бітіреді. Гүлнардың ең алғашқы фильмі кішкентай Айгерімнен басталады.  Киноның атауы — «Бандыны қуған Хамит». Сол фильмнен Гүлнар кішкентай болғанымен де бірден атақты бола шықты. Осыдан кейін Дусматоваға киноға түсу көптеп ұсыныс жасай бастайды.

Еңбек жолы

1982 жылы Гүлнарды диктор болуға телевизияға шақырады. 1985 жылы «Қазақфильм» студиясында жұмыс істей бастады. Ол отыз жылда 20 сериал, фильмге түскен. 1985 жылдан бастап «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етеді.

Отбасы

Актрисаның анасы — экономист, әкесі — инженер болған. Гүлнардың Аиша есімді қызы бар.

Жетістіктері

Актриса «Человический фактор» фильміндегі рөлі үшін бүкілодақтық ең нағыз үздік әйел ролі деген номинацияға ие болады. Оны атақты қылған фильмдер: «Бегущая мишень», «Сон во сне», «Кардиограмма» және де Хуат Ахметовтің режиссерлігімен түсірілген «Человек ветер» фильмі. Ол  2000 жылы «Жыл актрисасы» деп танылды. Сондай-ақ ол тек актриса ғана емес, кинофестивалдардың, шоу-бағдарламалардың, үкіметтік іс-шаралардың жүргізушісі. Көп жылдар бойы «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивалінің жүргізушісі болды. Сонымен қатар әншілік өнерге де жақын. Әртіс музыкалық фестивалдарға, концерттерге қатысады. Соның ішінде «Алматы — менің махаббатым», «Қарағанды — менің жастығымның қаласы» ретро-фестивалдардағы өнерімен есте қалды.

Пікір қосу