Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF, IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) әлі де мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (48-1-1, 34 КО) кездескісі келетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл туралы Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты қазылар алқасының бірауыздан берген жеңісінен кейін мәлімдеді. Төртінші раундта GGG қарсыласын нокдаунға түсірген еді.

«Иә, «Канеломен» жұдырықтасқым келеді. Жыртқыш аңдай ашпын. WBO чемпионы Билли Джо Сондерс келесі қарсыласым бола ма? Мансап жолымда маған екі-ақ нәрсе керек: шоу мен белбеулер. Маған ірі жекпе-жектер ғана емес, сапалы кездесулер қажет. Кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын», — деді Головкин.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

Пікір қосу