2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит Германияның Галле қаласында өткен кіші әлем чемпионатына баланатын халықаралық турнирде топ жарды, — деп жазады Vesti.kz порталы. 

Одан бөлек бұл турнирде тағы үші боксшымыз топ жарды. 91 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық айқаста Левит ресейлік Владимир Узунянмен кезздескен болатын. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша, отандасымыз төрешілердің бір ауыз төрешімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Аталған турнирде тағы да үш бірдей боксшымыз алтын жүлде олжалады. Тарқатып айтсақ, 52 келіде өнер көрсететін Азамат Исақұлов финалда ресейлік овик Оганесяннан 4:1 есебімен айласын асырса, 75 келідегі Әбілхан Аманқұл голландиялық Макс ван дер Пасты үшінші раундта техникалық нокаутпен үстем түссе, аса ауыр салмақтағы (+91 келі) былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев украиналық Андре Городецкиді 5:0 есебімен жеңді.

Тағы бір отандасымыз, 69 келі салмақта сынға түскен Абылайхан Жүсіпов финалдан германиялық Аббас Бараудан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. 

Пікір қосу