Асхат Тарғын «Той Думан» арнасына сұхбат беріп, жеке өміріндегі соңғы жаңалықтарымен бөлісті, — деп жазады juldyz.kz порталы.
Мария Магдаленаға бар қазақты билеткен Асхат Тарғын жуырда отбасылы болмақ. Алайда, болашақ жары туралы толық ақпарат беруден әзірге бас тартты. Дәл осы себеппен әзірге шығармашылығы да тоқтап тұр. Бар жоспар көктемнің соңына жоспарлануда. Ал, әншінің үйлену тойы сәуір айында өтеді.
Айта кетсек, “Мария арман едің” әнімен танылған Асхат Тарғынның алғашқы некесінен бір қызы бар.