Жұлдыз Өмірғали KeshYou тобынан кеткен болатын. Десе де, бойжеткен өзінің жұлдызы жанар сәттің әлі алда екенін айтып жатыр. Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.
Жұлдыз Өмірғали продюсерлердің қалауымен KeshYou тобынан кеткен болатын. Ол Esentai продакшн орталығында қалғанымен, әзірге тұрақты жұмысы жоқ. Осы орайда аталған бағдарламаның журналистері оған «Қазір ақшадан қысылып жүрген жоқсыз ба?» деген сауал қойды. Ол өз кезегінде болашаққа артар үмітінің мол екенін жеткізді.
«Қазір төзіп білуім керек. Уақыты келгенде ол қаражаттың барлығы қайтып келеді. Бәлкім бұрынғысынан да көбірек келер. Одан үмітіміз үзілмейді», – дейді Жұлдыз Өмірғали.