Бүгін Ұлы жеңістің 72 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты Алматы қаласындағы мәдениет ұйымдары арасында Республикалық спорт колледжінде футбол турнирі өтуде. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Футбол турнирінің өтуіне себепкер болған ҚР Президент әкімшілігінің ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне жолдаған хатына сәйкес,  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры мен «Тамшы» мәдениет және ғылыми қоры.

Турнирдің ашылу салтанатында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысушыларды қолдайтынын айтып, барлығына сәттілік тіледі.

Футбол турнирі. #080517 #ҒабитМүсіреповтеатры #71_ші_маусым

A post shared by Театр🎭 (@musrepov.theatre) on

Сонымен қатар бүгінгі турнирге Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры, М.Лермонтов атындағы драма театры, Абай атындағы Опера және балет театры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжі, Неміс драма театры, «Жас сахна» жастар театры, т.б. өнер ордаларынан командалар қатысты.

О спорт, ты мир! #ҒабитМүсіреповтеатры # футбольный турнир #080517

A post shared by Театр🎭 (@musrepov.theatre) on

Әзірге екі команда ғана ойын көрсетті. Олар: Мүсірепов театры мен Неміс драма театры (есеп – 6:0) және Лермонтов пен ГАТОБ (есеп – 1:2). Ойын қорытындысын алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

Пікір қосу