Әнші Роза Рымбаева өзінің актерлік қырын сынап көрмек. Бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасында айтылды, — деп juldyz.kz порталы baistars.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2 наурызда Астана қаласының төрінде «Рахмет, саған бабаларым» атты қойылым-концерт өтеді. Аталған мюзикл жанрындағы қойылым Айгүл Иманбаева мен ақын Назгүл Сарыбаеваның бастамасымен қойылмақ. Ал басты рөлдерді Роза Рымбаева, Болат Әбілманов, Асылхан Төлепов сынды актерлер сомдайды.

«Жалпы мұндай үлкен жобаға монолог айтатын актриса ретінде алғаш рет қатысып отырмын. Алайда Айгүлдің осы сынды жобасына бұрын атсалысқанмын. Сахнаға тек әнші болып шықпайсың, белгілі бір кейіпкерді сомдайсың. Сол себепті үлкен жауапкершілікті сезініп отырмын. Мақсатым – бір жағынан әнші, бір жағынан актриса болып, көрерменнің көңілінен шығып, тарихымыз бен дәстүрімізді білмейтін жастардың көзін ашу. Жеке өзім шексіз қуаныштымын. Теледидардан болсын міндетті түрде қарап шығыңыздар. Сана-сезімдеріңіз бен ұғым-түсініктеріңізді кеңейтеді», – дейді Роза Қуанышқызы.

Әнші басты рөлді сомдайтын қойылым бүгін Астананың орталық Қазақстан залында көрсетіледі. Мұнымен қатар, ол еліміздің бас қаласына келген қонақтарды мәдени ошақтарды міндетті түрде аралауға шақырды.

Айта кетейік, әнші сыдан 35 жыл бұрын «Қош бол, Медеу!» атты фильмге түскен болатын.

Пікір қосу