Тұрсынғали Алагөзов өзінің ажырасуы жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«1 ақпанда мен ресми түрде ажырасуға арыз жаздым. Бұрынғы әйелім неке туралы куәлікті бермеді, сондықтан мен ХҚКО-ға барып, неке туралы куәліктің көшірмесін алдым. Осыдан кейін сотқа бардым, ажырасқым келетіні жайлы ресми хат жаздым. Бөлек тұрып жатқанымызға бір жыл болды. Оның үстіне мүлікті де бөлісіп қойдық, балаларымыз кәмелет жасына толған», — деп мәлімдеді ол.

«14 ақпанда мен біржақты арыз түсірдім. Төрт күн ішінде судья тағайындалды. Бүгін бірінші сот тыңдауы өтті, оның барысында ол «Сіздің әйеліңіз тараптардың татуласуы туралы өтініш түсірді» деді. Мен татуласудың болмайтынын айтып, ажырастыруды сұрадым. Судья «жақсы, 9 наурызда келіңіз» деп жауап қатты», — деді ол Тұрсынғали Алагөзов.

Еске салайық, осыған дейін Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов бірігіп берген алғашқы сұхбатында таныстыққа тіс дәрігерінің қандай қатысы бар екенін, 10 маусымдағы атышулы оқиғаны қалай бастан өткергенін және алға қандай жоспар қойып отырғанын айтып берген еді. Осы сұхбатында Алагөзов ажырасу үстінде екенін мәлімдеген болатын.

Пікір қосу