Мақпал Исабекова режиссер Әділхан Ержановтың жаңа картинасына түспек. Бұл туралы juldyz.kz порталы gakku.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Фильмнің атауы — «Рассвет». Картинада әнші мистикалық рөлді сомдайды. Туындының қай уақытта шығатыны белгісіз. Сондай-ақ,  қандай бағытта таспаланып жатқанын да режиссер құпия күйінде қалдыруда.

Айта кетейік, Мақпал Исабекова бұған дейін Сапар Төлегеннің «Загнанная» («Қамау») фильмінде басты рөлді сомдаған болатын.

Пікір қосу