Мақпал Исабекова режиссер Әділхан Ержановтың жаңа картинасына түспек. Бұл туралы juldyz.kz порталы gakku.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Фильмнің атауы — «Рассвет». Картинада әнші мистикалық рөлді сомдайды. Туындының қай уақытта шығатыны белгісіз. Сондай-ақ, қандай бағытта таспаланып жатқанын да режиссер құпия күйінде қалдыруда.
Айта кетейік, Мақпал Исабекова бұған дейін Сапар Төлегеннің «Загнанная» («Қамау») фильмінде басты рөлді сомдаған болатын.