Бүгін Алматыда Жадыра Сахиева мен Меруерт Түсіпбаеваның арасындағы дау бойынша сот отырысы өтіп, екі жақ мәмілеге келді. Бұл туралы дизайнер Жадоның пиар менеджері Ринат Тәттібай инстаграм желісінде жазды, — деп хабарлайды juldyz.kz.
Шағымданушы Жадо Меруерт Түсіпбаевадан бірінші болып кешірім сұрап, мәмілеге келуге шақырса, әнші Түсіпбаева өзінің айтқан сөздері үшін сотта желі қолданушылары мен журналистерді кінәлады.
Осылайша сәнгер мен әнші татуласты. Ал сот екі тараптың мәмілеге келуіне байланысты ашылған істі жабады.