Соңғы үш тәулікте Украина еліне «Евровидение-2017» байқауына қатысу үшін 20 шақты елден 200-ден астам қатысушы мен әкімші командалары келді. Бұл туралы juldyz.kz Украина шекара қызметінің баспасөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Евровидение-2017» жобасы Киев қаласында өтеді. Конкурстың жартылай финалы 9-11 мамыр аралағыныда, ал ақтық кезеңі 13 мамырға жоспарланған.

Кристиан Костов

Ең қызығы, бұл конкурста Болгария елінен өнер көрсететін ең жас қатысушы Кристиан Костовтың әкесі – болгар болса, анасы Заура – қазақ. Заураның айтуы бойынша, ұлы қазақ тілін жақсы түсінеді. Себебі өзі Мәскеуде қызмет жасап жүргенінде,  Кристиан нағашы атасы мен әжесінің тәрбиесінде болған. Кристиан Костов Евровидениеде «Beautiful Mess» деген туындыны орындайды.

Пікір қосу