Әнші Мұрат Қожа «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің алдағы жұмыстарымен бөлісті. Бұл туралы juldyz.kz хабарлайды.

Мұрат Қожа «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, осы жөнінде айтып берді.

«Дуэт жұмысы жалғасуда, үлкен жоспарларымыз бар.  Жаз мезгілінде  елордада  «Нұрлан мен Мұраттың оралуы» сияқты атаумен концерт беру жоспарда бар», — дейді  әнші.

Сондай-ақ, әнші «Нұрлан мен Мұрат» дуэті «Айна» атты жаңа әнге  бейнебаян жұмыстарын бастағалы жатқандығын жеткізді.

Пікір қосу