Мұрат Насыров 13 желтоқсан күні 1969 жылы Алматыда дүниеге келген. Ол әнші әрі музыкант.

Бала Мұрат

Мұрат Насыровтың анасы Хатира Насырова пластмасс өндіретін фабрикада жұмыс істеген, әкесі Исмаил Насыров ақын әрі таксист болған.

«Иә, Мұрат жейдемен туылды. Оған дейінгі төрт перзентім де қарапайым күйде дүниеге келсе, Мұраттың қағанағы болды. Мұндайды бірінші рет көрдім, оны сақтап қалу керектігін уақытында ешкім айтпапты. Бәлкім соны сақтап қалсам, қайғылы жағдайға душар болмас па едік», – дейді анасы ол туралы.

Исмаил Насыров Құранды жатқа білген, халық әндерін айтып, ұйғыр халқының халықтың аспаптарында ойнаған. Мұрат үйдің кенжесі болыпты. Оның екі үлкен әпкесі мен ағасы болған. Олар: Наджат пен Ришат , Фарида мен Марита. Мұрат Алматыдағы №111 мектепті бітірген. Ол математика мен физиканы ерекше жақсы көрген.  Оның ұлты — ұйғыр. Әскерге барып келген соң Мұрат Волгогорадтағы Гнесин музыкалық училищесінде вокал мектебін бітірген.

 

Шығармашылық жолы

1990-жылдары Диснейдің «Утиные истории», «Чёрный Плащ» и «Новые приключения Винни-Пуха»мульсериалдарындағы әндері орындаған. Мұратты болашақ продюсері Арман Дауелтияровпен А-Студиодағы гитарист Бағлан Садуақасов таныстырған. Ол «Ялта-91» байқауында бас жүлде иеленген. Мұратқа Игорь Крутой бірге жұмыс жасауға ұсыныс білдіреді. Алайда,  келіспеген. Себебі келіссе, өзінің жеке әндерін айта алмаймын деген ойда болады. 1995 жылы Мұрат Насыров әндерін «Союз» студиясына әкеледі. Әншінің даусы продюсерлерге ұнап, «Это лишь сон» атты сингл жазады. «Шаг» әні радиоэфирдің хитына айналды. 1996 жылы Алена Апинованың күйеуі бірге жұмыс жасауға ұсыныс білдірген. Мұрат пен Алена бірге гастролдік сапарға шығады. 1999 жылы әнші ағылшын тілінде ән айта бастайды. 2002 жылы «Разбуди меня» атты альбомы жарық көрген. Альбомдағы бірінші ән ұлы Аким Насыровқа арнап жазылған. 1997 жылы «Золотой граммофон» сыйлығына ие болады.

«Мұраттың ең танымал «Мальчик хочет Тамбов» хитімен мынадай қызық жайт болған. Текст авторы түрлі әншілермен әнді жазғызып көрген, бірақ қажет дауысты таппай қиналады. «Союзге» барған уақытында Мұратқа да осы әнді айтып көруге ұсынады, бірақ ол ат-тонын ала қашады: — Мұныңыз не? Бұл ән мүлде менің стилімде емес! Бірақ нәтижесінде Мұратты көндіріп, ол орындап көргенде, бұл әннің хит боларына ешкім күмәнданбады. Осылайша бұл ән оның алғашқы альбомына кірді. «Мальчик хочет Тамбов» оған үлкен танымалдылық әкелгенімен, ол оны ұнатпайтын. Оның ойынша, оған, Гнесинканың түлегіне, мұндай әндер айту ұят. Бірақ факт сол — «Мальчик хочет Тамбов» Насыровтың көзіріне айналып, әлі күнге дейін Насыровты еске алғанда осы әннің сөздері еске түседі». (Арман Даулетияровтың естелігінен)

Жарымен қалай танысты?

«Біз бірге оқыдым, достарымыз ортақ болғандықтан жиі көрісетінбіз. Бірақ Мұратты ұнататынымды ешқашан сездірген емеспін, өзім ұялшақ қыз болатынмын. Десе де Мұраттың ерекше жан екенін іштей сезетінмін. Дос болып араласып жүргенде де оның қамқорлығын сезінетінмін. Оған дейін де, одан кейін де дәл Мұраттай қамқор күйеу мен әкені көрген емеспін. Қайғылы оқиғадан кейін әрі қарай өмір сүру бәрінен де қиынға соқты. Миым оның жоқ екенін қабылдай алмады. Сол сәтте балаларым өмірімнің жалғыз мәніне айналды», – дейді жары Наташа

Отбасы

Өзі білім алған оқу орнында Мұрат  болашақ жары Натальямен танысқан. Ол фортепиано сыныбында оқыпты. Мұрат ұзақ уақыт бойы өзінің махаббатын ата-анасынан жасырып келген. Тек әке атанған сәтте ата-анасын хабардар етіпті.

«Мұрат туған күніммен құттықтап хат жазды. Содан кейін бірден жақын арада келе алмайтынын, себебі қызының кішкентай екенін жеткізді. Хаттың ішінен Наталья мен Лияның суреттері шықты. Оқыдым да жыладым. Бұл қалай? Тойсыз, ата-ананың батасын алмай… Әкесі: «Несіне жылайсың? Болар іс болды. Енді немереміздің барына қуанайық», – деді. Суреттер ақ-қара түсті болғандықтан, Наталья маған суық көрінді. Тіпті, «Мұндай ашушаң қызды қайдан тауып алған?» деп ойладым. Одан кейін Мұрат түрлі-түсті сурет жіберді, онда Наталья жымиып түскен. Сол кезде оған деген көңілім жылыды», – дейді Қатира Ниязқызы.

Мұрат Насыровтың әйелі Наталья мен олардың балалары Лия мен Әкім сол Мәскеудегі 4 бөлмелі үйде тұрады. Қайғылы жағдайдан кейін олар үйдің ішін өзгерткен жоқ. Мұраттың студиясына да қол тигізбеді. Қазір ол жерде балалары жаттығады. Наталья болса Останкинодағы эстрада және кино мектеп-студиясында Сергей Мазаевтің эстрадалық оркестрінде сабақ береді. Лия Плеханов атындағы академияның халықаралық экономикалық қатынастар мамандығында 3-курста оқыса, Әкім осы жылы кезінде ата-анасы білім алған оқу орнына түсті.

Өлімі

2007 жылы 37 жасында Мұрат Насыров Мәскеудегі үйінің терезесінен құлап қайтыс болды. Оқиғаның негізгі себебі толық ашылмады. Ол Алматы қаласында жерленді. Ресей құқық органдарының мәліметіне қарағанда, Насыров Вучетич көшесіндегі 5 қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап өлген. Мәскеулік милиция қызметкерлерінің хабарына қарағанда, Насыров есірткі әсерінде болған секілді. Бұл жөнінде Интерфакс агенттігі хабарлайды. Мұрат Насыров 37 жаста болған. Ол алғаш «Мальчик хочет в Тамбов» (Бозбала Тамбовқа кеткісі келеді) деген әнімен өнерсүйер қауымға танылған еді.

Пікір қосу