Жуырда ғана екінші немересін құшағына алған әнші Шахизада Байпатшанова ғашық болып қалғанын мойындады. Айтуынша, оның ер азаматы өнер адамы болмаса да, өнерді бағалайтын жан. Бұл туралы әнші музыкалық телеарнаға берген сұхбатында айтты, — деп жазады Stan.kz.
“Менің жеке өмірімді аса қатты жаңалық болып жатқан жоқ. бірақ мен бір адамға ғашық болып жүрмін. Ер азаматқа ғашық болған кезде әйел қандай жағдайда болады? Әдемі, нұрланып, көңілі күшті болып жүреді ғой. Сондай жағдайда жүрген адаммын, ғашықтық сезімі оянып, маған ғашық екенін сезіп, мен шынын айтқанда сондай қуанышты күйде жүрмін”, – деп ағынан жарылды әнші.
Әншінің айтуынша, бұл ер азамат оған деген көңілін біраз жылдар бұрын білдірген. Тек ол кезде оған Шахизада мән бермепті.
“Ол кісі мені көп жылдан бері біледі. Көп жылдан бері ғашық. Баяғыда көңілін айтқан. Бірақ мен аса қатты мән бермегем. Ол кезеңдерде ойымда басқа мақсаттар болды. Сезім аса қатты оянбаған кездерім шығар. Қазір сол адам бұрынғы сезімін қайтадан жаңартып айтып жатыр. Соған таңғалдым, сосын өзім де ғашық болып қалдым. Қиын жағдайда жүрмін”, – деп түйіндеді сөзін әнші.