Иығынан төмен қарай төгілген қара қою шашты көргенде қуанып қаламыз. Ал, эстрададағы бұрымды әншілеріміз кім екен? «Той Думан» арнасы тізімдеген қолаң шашты жұлдыздарды juldyz.kz порталы сіздерге ұсынады.
Салтанат Бақаева — «Арнау» дуэтінің әншісі, актриса. Шашын боямайды, қимайды, жайып та жүрмейді. Кейде нағыз қазақ аруларының болмсына сай өріп қояды. Сондықтан да Салтанат Бақаева бұрымдылар көшін бастап тұр.
Сахнада жүрген 20 жыл бойы түп-түзу қара шашы жібектей боп жүретін әнші – Алтынай Жорабаева. Ол әр түрлі шаш үлгісін байқап көретін замандастары сияқты емес. Күрт өзгеріске бармайды.
Әнші Мөлдір Әуелбекова да қолаң шашты жандардың қатарында. Инстаграм парақшасында оқырмандарына шаш күтімі жайлы кеңестер жазып тұрады.
Неше түрлі шаш үлгісін, көлемді толқындар жасағанымен Еркенің шашы ешқашан ұзындығын жоғалтпайды. Шашы ұзын қыздың осы бейнесі өзіне сондай жарасады.
Жазира Байырбекова мен Қарақат Әбілдиналар да біздің тізімде. Бұл ханымдар бұрымдарын әрдайым әр түрлі етіп жинап, өріп, сәнін келтіріп, оны күтіп, көпті қызықтыра біледі.