Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында өзінің шоу бизнестегі «қара тізімге» еніп кеткенін айтты. Әншінің айтуынша, белгісіз біреулер оның өнеріне кедергі болып жүруі мүмкін деп juldyz.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап жазады.
Әншінің айтуынша, оны кейде телеарна бағдарламаларына алдын ала шақырып, түсірілімге бір күн қалғандай себепсізден себепсіз түсірілім болмайтынын айтады екен.
«Мысалы бағдарламаларға шақырады да, бір күн қалғанда «Кешіріңіз бізге сізді шақырмасын деп жоғарыдан бастыққа айтты. Не себепті екенін білмейміз деп айтады. Менің ешқандай дәлелім жоқ. Мен мынау адам деп нақты айта алмаймын», — деді әнші.