Ішкі істер министрлігі әзірлеген заң жобасы күшіне енсе, кейбір қылмыстардың жазасы жеңілдетіледі.

Заң жобасында оған бағынбаған кәсіпкерлерге салынатын айыппұлды 30 пайызға төмендету қарастырылған. Және қазына қаржысын жымқырған, пара алған шенеуніктер енді сотталмайды, тек еселеп айыппұл төлеу арқылы айыбын өтеуге мүмкіндік алмақ.

Айта кетейік, енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері пара алса, олардың ісін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарайды. Сондай-ақ олар бюджет қаржысын ұрлаған әскерилерге қатысты қылмыстық істерді де тергеумен де айналысатын болды.

 

Дереккөз: Ktk.kz

Пікір қосу