Танымал продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле үйіндегі итіне әкесінің тегін беріп, оған арнайы парақша ашып қойды. Сүйікті итінің парақшасын Айсәуленің өзі де, оның анасы Баян да желідегі парақшасында жазды, — деп  juldyz.kz порталы nur.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Итінің атынан жазба қалдырған Айсәуле әкесін итінің «атасы» деп атады.

Олар Айсәулеге жағымсыз пікірлер қалдырып, өз наразылықтарын жеткізді. Дегенмен, Айсәуленің бұл әрекетіне әзіл ретінде қарап, оған қолдау сөздерін білдіргендер жетіп артылды.

«Не болды сонша айыптап, қыз осылайша өзінің ойын жеткізіп отыр», «Әкесін сағынып жүргені көрініп тұр», «Анаңды әйел ретінде түсініп, оған кінә артпағаның үшін, әкеңді түсініп, оның әрекетін кешіріп, оны әлі де қатты жақсы көретінің үшін рахмет. Әркімнің бұл істе өзіндік себептері де болды ғой. Бұл — өмір. Оған Алла сабыр берсін, тезірек ортаңызға келіп қосылсын», — деді желі қолданушылары.

Пікір қосу