«Найман» деген лақап атпен белгілі, қазақстандық ММА аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов WBK чемпионы дәрежесі үшін өтетін айқастың қай күні болатынын айтып берді, — деп хабарлайды Sports.kz

«Менің келесі айқасым 6 наурызда WBK (World Ultimate fighting league)әлем чемпионы белдігі үшін Қытайдың Шанхай қаласында өтеді», — деп жазды Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Қуат Хамитов Fight Nights Global 57 ресейлік промоушеннің өткізген жекпе-жегінде қарсыласы Гаджи Рабадановты басымдықпен жеңген болатын.

Пікір қосу