Қоғам белсендісі Нағашыбай Есмырза көп даулы сөзге қалған «Қалаулым» бағдарламасын жақтап сөйледі. Ол бағдарламаның бар болғаны шоу екенін айтады.

“Қалаулымға” қайтадан шабуыл басталыпты. Айгүл Орынбек атасына “көз жасын” төгіпті. Басқаларының да “Қалаулымнан” басқа жаулары қалмапты. Қазақтар, “Қалаулым” – ол ШОУ. Әрине, шынайы өмірге өте жақын шоу. Бірақ ол – шоу. Шоу мен шынайы өмірді шатастырмаңдар. Сондықтан да көз жастарыңды көл қылмаңдар. The Show Must Go On! “Қалаулымды” тек қана через мой труп жаба аласыңдар”, – деп бөлісті Нағашыбай Есмырза әлеуметтік желә парақшасында.

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Нағашыбай Есмырзаға қарсы пікірін білдірді.

Жабылсын! Қарсымын! Нағашыбай көке, “Қалаулымның” шоу екенін білеміз. Бірақ, сол шоу жастардың санасын улап жатқанын Гитлерден бетер білетініңіз ақиқат.

Сіздің піріңіз де : “Если хочешь уничтожить нацию, испорть её женщину” – деген еврейлердің сөзін мақұлдаған. Сол “Қалаулымдағы” Замираның қандай екенін сіз менен жақсы білесіз. Осындай санасыз есерсоқтардың кесірінен қаншама жас қыздар бұзылуда. Біздің отандық арналардың эфирі ластанып бара жатқаны соншалық, кірлеп кетті. Енді сол кірді кетіру – бойында намысы бар әр Қазақтың міндеті!

Мен Қазақтың қызымын! Қазағымның өзге ұлтқа мазақ болғанын қаламаймын. Ресейдің “Дом 2”-сы мынаның жанында айналайын болып қалды. Егер өліп бара жатса барсын басқа елге сол жақтан көрсетсін.
Менің ұлтымның эфирін ластамасын! Мен қарсымын! Жапсын! “Тәйт” дейтін жасқа келген ЕЛ ағасысыз. Мынауыңызға жол болсын?! Қалжыңның да жөні бар ғой. Ұят та болса мына видеоны қойып отырмын. Ауызы лас қыз енді эфирді ластауда”, – деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы

Ескере кетсек, осыған дейін де «Қалаулым» бағдарламасына қарсы көптеген желі қолданушылары да бейнеблогтар түсірген болатын.Картинки по запросу қалаулым стоп

Пікір қосу