Танымал продюсер Баян Мақсатқызы «Бұл Кешью» деген мәтінмен өзінің Instagram-дағы ресми парақшасына бұған дейін талай өзгерген «Кешью» тобының жаңа қыздарын жариялады.

«КешYOU» тобының 11-құрамына Балжан Бидаш, Элизат Берікова, Сара Амангелді және Назым Әбілдина енді. Ал Ақбота Сейтмағанбет осы жылы тұрмысқа шығуына байланысты 2016 жылдың 31 желтоқсанында топтан кетті. Оның орнына қаңтар айында топқа Элизат Берікова келді. Жұлдыз Өмірғали 2017 жылдың қаңтар айында топтан кетті. 2014 жылдан бері өзін өте жақсы көрсете алмағаны үшін оны Баян Мақсатқызы топтан алып тастады. Жұлдыздың орнына қаңтар айында топқа Сара Амангелді келді.

Енді топ Назым Әбілдинаның келуіне байланысты трио емес, квартетке айналды.

Пікір қосу