Шығармашылығымен қатар жеке кәсібін шыр айналдырып отырған жұлдыздарды juldyz.kz порталы toiduman.kz-ке сілтеме бере отырып ұсынады.

Қайрат Нұртас жеке бренді қалыптасқан санаулы жұлдыздардың бірі. 2013 жылы алғаш Алматыда өзінің “KN” брэндін таныстырғаны есімізде.

“Мен сыйға тартқан орамал” атты дүкен Роза Әлқожаға тиісті. Мұнда эксклюзивті дизайндағы ормалардардың мың түрін табасыз.

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина “Бал-бала” атты ойыншықтар сериясын шығарып, бұл нарықта алғашқылардың қатарына қосылды.

«АБК» тобының экс-солисті Ерлан Көкеев әріптестерінен қалыспай “Ретро шлягер” мейрамханасын ашып, бірнеше жылдан бері сәтті жұмыс істеп келеді.

«Жігіттер» тобының орындаушысы Айдар өткен жылы біраз инстаграмды өзінің «Айдар шәйімен» шулатты.

Алтынай Жорабаева қазақ эстрадасында өзін жақсы күте білетін әншілердін бірі. Мүмкін сол себептен орындаушы «Алтын ай» атты сұлулық салонын Алматы қаласында ашты.

Жазира Байырбекова сұлулық салоны мен той көйлектерін сатуға арналған дүкен ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Ұзату тойларының жұлдызы атанған Жазира Байырбекова үшін бұл бизнесті жарнамалау қиынға соқпайтын секілді.

Пікір қосу