Ақпан айында Ресей президенті Владимир Путин Орта Азия елдеріне саяхаттамақшы, — деп жазады «Лента.ру». Тәжікстан мен Қырғызстанға баратын Ресей президенті Қазақстан мен Өзбекстанға да соғуы мүмкін.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин жиі араласып тұрады: соңғы бір жылда олар алты рет кездесіп, сегіз рет телефон арқылы сөйлескен. Назарбаев Ресейдің Түркия мен Украина арасындағы қарым-қатынастарында делдал болды.

Біраз уақыт бұрын елбасы Путинде Алматыда 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтетін Универсиада ойындарының ашылу салтанына қатысуға шақырған болатын. Бірақ, аталмыш шараға Ресей президенті үлгермей қалды. Алайда, ол Универсиаданың жабылуына немесе кейінірек ақпан айының соңына таман келуі мүмкін.

Дереккөз: NUR.KZ

Пікір қосу