«Меломен» тобының жігіттері Жігер Ауыпбаевтың топтан кеткенін растады. Бұл туралы топ мүшелері «Той Думан» арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды juldyz.kz порталы.

Жігердің топтан кету себебі продюсер Бауыржан Есебаевқа да, «меломендықтардың» өздеріне де белгісіз. Он жылға жуық уақыт бірге жұмыс істеп, біршама жоспар құрып қойған квартет Жігердің бұл ісіне ренжулі.

«Жоспарда өткізетін кешіміз, кино түсіру бар еді. Үлкен соққы болды», — деді олар.

Дегенмен, Жігердің жеке кеткенімен топ тарамайды. Тыңдарман алдындағы жауапкершілік жұмысты трио болып жалғастыруды шешіпті.

Ал Жігер Ауыпбаевтың «Той Думан» тілшілеріне телефонмен берген сұхбатында өзі дәл қазір қажылық сапардан оралып, анасымен ауылда екенін мәлімдеген.

Пікір қосу