Әли Оқапов

Танымал әнші Әли Оқапов биылдан қалмай үйленетінін мәлімдеді. Әншінің жүрегін жаулаған қыз туралы толығырақ сенбі күні сағат 22:00-де «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасынан көріңіздер. 

Биыл 26 жасқа толып жатқан әнші бұдан ары сұрбойдақтар қатарынан көрінгісі келмейді. Оның айтуынша, ол биылдан қалмай шаңырақ көтеріп, анасына немере сыйламақ ниетте.

Әзірге Роза Рымбаеваға келін болу қай бойжеткенге бұйырғаны белгісіз. Дегенмен, әнші өз таңдауы түскен қыздың жасына мән беріп отырмағанын айтады.

Тіпті, ол өзінен үлкен қызды алуға да қарсы емес екен.

«Қыз дайын болса, біз дайын», — деп әзілдеді әнші.

 

Пікір қосу