Боксшы Батыр Жүкембаев жартылай орта салмақта үздік 100 боксшының қатарына қосылды, — деп juldyz.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Батыр Жүкембаев 8 раундқа жоспарланған кездесуде мексикалық қарсыласын 2,5 минутта нокаутқа түсірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы «BoxRec» рейтингінде 26 орынға жоғарылап, 91-орында тұр.

Айта кетейік, 25 жастағы қазақстандық боксшы Канада жерінде сегіз жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жетті. Оның жетеуін уақытынан бұрын аяқтады.

Сондай-ақ бір жекпе-жегі қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты есепке алынбады.

Пікір қосу