Ақын Төлеген Айбергенов 1937 жылы Қарақалпақстан Республикасы, Қоңырат ауданы, Қоңырат ауылында дүниеге келген.

Жастық шағы

Төлегенді ешкім бетінен қақпай өсіреді. Ол 7 жасқа келген кезде анасы Ақсұлу қайтыс болады. Сөйтіп, ол Қарақалпақстандағы М.Горький атындағы жетімдер үйінде оқуын жалғастырады. Оны бітірген соң Низами атындағы педагогикалық институтқа түседі. Төлеген студент кезінде домбыра шертіп, кештер ұйымдастырып, белсенді студент болыпты. Бірақ, би билей алмаған. Есесіне, жары Үрниса сәбиді жақсы билеген.

Отбасы

Төлегеннің жарының есімі — Үрниса. Ақынның бес перзенті болған. Үлкені — Салтанат, Махаббат, Дәурен, егіздер Құсни мен Айнар.  Алайда, Дәурен 46 жасында өмірден озып кетті.

Шығармашылығы

Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан «Жас дәурен» атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары — «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Қумдағы мұнаралар» (1968), «Мен саған ғашық едім» (1970), «Аманат» (1975), «Бір тойым бар» (1981), балаларға арналған «Бақшаға саяхат» сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде «Мир созвездья» (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың «Ақ ерке, Ақ жайық», «Жаңғырған Маңғыстау», «Қазақстан», «Сені ойладым», «Мені ойла», «Ақ қайыңдар», «Бір тойым бар», т. б.

Өмірінің соңы

Алматыға көшіп келгеннен кейін 2 жыл бойы Төлеген жұмыссыз жүреді. Бар арманы әдеби қызметкер болу болған. 2 жылдан соң Жазушылар Одағының насихаттау бөліміне жұмысқа тұрады. Сөйтіп, Қарақалпақстанға қазақ ақындарының кездесуін ұйымдастырмақшы болып барады. Біз Қарақалпақстанға кеш болардан бір ай бұрын ғана бардық. Өйткені, әкемнің өз туған жеріне де баруы керек болды. Басқа ақын-жазушыларды күтіп алып, кешті ұйымдастыруы қажет болды. Сол кезде ол ауырып жүрген, бауыры ауырды. Бірақ, ауруына еш мән бермеді. Менің мектепке баратын кезім еді. «Салтанды өзім мектепке ертіп апарамын. Бірге сабағында отырамын,өңкей лақтардың ішінде өгізге ұқсап отырамын ғой» деп әзілдейтін. Бірақ, ол арманына жетпеді. 28-тамыз күні ұқайтыс болды. Бұрын дәрі ішіп көрмеген адам еді. Бас-аяғы бір айдың ішінде аурудан сылқ құлады. Мен ол кісіге «көз тиді» дегенге сенемін (Қызының естелігінен).

Пікір қосу